KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Мәжіліс сайлауында 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды

24.01.2023, 15:04 344 Ләззат Қанатқызы

Алдағы мәжіліс сайлауында 12 млн-ға жуық азамат дауыс береді.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Конститантин Петров айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

- Биылғы 1 қаңтар және былтырғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың тізімін жасайды. Оған белсенді сайлау құқығы бар азаматтар тұрақты тіркелген жері бойынша қосылады. Әрбір сайлау науқанында азаматтардың тұрақты тіркелген жері және дауыс бергісі келетін учаскелеріне өтінім беру мүмкіндігі ескеріле отырып, сайлаушылардың тізімі жеке түзіледі, - деді ол Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Оның атап өтуінше, Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес сайлаушылардың тізімін жинақтады. Оған алдын ала тұрғылықты жері бойынша бөлінген 11 970 406 сайлаушы кірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив