ШҚО-да 500 мыңға жуық адам дауыс беруге құқылы

ШҚО бойынша сайлаушылар тізіміне 499 мыңнан астам адам енгізілді.
Бұл туралы ШҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары Кинугул Бичуинов Өскемендегі ОСК өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Сайлаушылар тізіміне өңірдің 500 мыңға жуық тұрғыны енгізілген. Облыс халқын сапалы ақпараттандыру үшін БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық жұмыс жүргізіліп жатыр. Сыртқы жарнаманы орналастыру үшін 167 орын анықталды, - деді Кинугул Бичуинов.
Естеріңізге сала кетейік, ОСК-да ШҚО-дағы барлық сайлау округтері мен учаскелері жұмысқа дайын екенін хабарлады.
Оқи отырыңыз