ШҚО-да 5 рет қар көшкіні жүргізілді
ШҚО-да күн райының күрт жылынуы, жел мен көп мөлшерде жауған жауын-шашын салдарынан көшкін қаупі артты.
Сон себепті «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары қауіпті ошақтардың бірі саналатын «Өскемен-Алтай» автожолында 61-62 шақырымында профилактикалық қар көшкінін жүргізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- 5 рет жарылыс жасалып, жалпы көлемі 23700 текше метр қар түсірілді. Біз өз тарапымыздан қар көшкінін болдырмау бойынша жұмыс жүргіздік. Тұрғындарға таулы аймақтарға барғанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін еске саламыз, - дейді «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.
Көшкін қаупі бар ошақтардан өтіп бара жатқанда өте сақ болып, олардың жанында тоқтамауға тырысыңыз.
Оқи отырыңыз