KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОШ
499.04 544.45 5.96

ШҚО-да 4 учаскеде жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

18.01.2023, 16:43 514 Ләззат Қанатқызы

«Өскемен-Алтай» автожолында жарылыс жасалып, 11660 текше метр қар түсірілді.

Қазір өңірде қар көшкіні қаупі бар 325-тен астам учаске бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО-да қолайсыз ауа райы, жел мен қар жаууы салдарынан әлі де қар көшкіні қаупі сақталады. 

- Беткейлерде жиналған қар массасын «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары мен ШҚО ТЖД құтқарушылары қолдан жарылыс жасау арқылы түсірді. «Өскемен-Алтай» автожолында жер бедері жағынан ең күрделі учаскелердің бірі орналасқан. Онда 4 жарылыс жасалып, 11660 текше метр қар түсірілді, - дейді Қазселденқорғау филиалының ШҚ басшысы Омар Дүзгімбаев.

Сондай-ақ құтқарушылар қар көшкіні қаупі бар учаскелерден өткенде тоқтамай, тез шығып кету керектігін еске салады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу