KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, СБ
501.49 525.71 5.77

Мобильді қосымша арқылы тұрғылықты жер бойынша тіркеуге тұруға болады

13.03.2023, 15:01 214 Ләззат Қанатқызы

Мобильді қосымша арқылы тұрғылықты жер мен уақытша мекенжай бойынша тіркеу рәсімдеуге болады.

Kaspi.kz ІІМ көші-қон қызметі комитетімен, Цифрлық даму, Әділет министрліктерімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

- Енді өз смартфоныңыздың экранында және осы банктің қосымшасында тұрғылықты жеріңіз бен мекенжай бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуді рәсімдей аласыз. Бұл қызмет өзіңізді, балаларыңызды, пәтеріңіздегі басқа адамдарды тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға мүмкіндік береді, - деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Оның айтуынша, тіркеу кезінде ЖСН енгізу жеткілікті, ал аты-жөні мен мекенжайы автоматты түрде анықталады.

- Бұл қызметті пайдалану қауіпсіз. Тіркелу кезінде фотоверификациядан өту керек, ол сіздің атыңыздан қызметті ешкім пайдалана алмайтынына кепілдік береді. Азаматтарға смартфонда көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін беру, тұрғылықты жері бойынша тіркеу және есептен шығару сияқты сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер қолжетімді, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу