KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
522.91 548.85 5.05

Өндірістен жұмысқа тартылған педагогтардың жалақысына үстемеақы қосылады

шартты сурет

11.04.2023, 19:10 260 Оразай Жеңісұлы

2023 жылдан бастап кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар өндірістен тартылған педагогтарға аттестаттаудан өтпей «педагог – модератор» біліктілік санаты беріледі. Сондай-ақ жалақысының 30% мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

Еңбек өтілі 10 жылдан асатын педагогтарға жалақыға 35% үстемеақы төленіп, сарапшы санаты беріледі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінде айтылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Барлық қажетті кәсіби технологияларды меңгерген білікті маман даярлауда негізгі орын оқу шеберлері мен колледждің арнайы пән педагогтарына тиесілі. Өйткені олар студенттерге білім беріп қана қоймай, дағды қалыптастыру үшін өзінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өндірістегі білгенін үйретеді. Сондықтан өндірістен тартылған педагогтар үшін осы шаралар қарастырылған. Колледждерде алғаш рет педагогикалық қызметке кіріскен және кемінде 2 жыл өндірістік өтілі бар мамандар тестілеуден өтпей-ақ «педагог» біліктілік санатын ала алады. Сонымен қатар өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары аттестаттаудан өту кезінде тестілеуден босатылады, тек қызмет нәтижелерінің жалпы кешенді тексеруінен өтеді. Бұл өзгерістер колледж педагогтарын ынталандыратын болады және кадр даярлау сапасын арттырады», – дейді департамент директоры Ернат Жүнісов.

Сондай-ақ зейнеткерлік жасына 4 жыл қалған педагогтар, 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтар бұрын берілген біліктілік санатын растаған кезде тестілеуден босатылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу