Ауасы қатты ластанған 8 қала белгілі болды
Өскемен қаласы – еліміздегі ауасы қатты ластанған қалалар тізіміне кіреді.
Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев ауасы ең лас 8 қаланы атады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Сондай-ақ ол ауаның ластану себептерін үш санатқа бөлуге болатынын атап өтті.
Мәселен, Өскемен және Теміртау қалаларында эмиссиялардың ең көп көлемі өнеркәсіпке тиесілі.
Алматы және Астана қалаларында ластанудың негізгі көзі – жылу көздері мен автокөліктер, жеке сектор болса, Ақтөбе және Атырау қалаларында ескірген кәріз-тазарту құрылыстары жоғары ластануға себеп болған көрінеді.
Өңірлердің экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған жол картасы аясында 2025 жылға бірқатар көрсеткішке қол жеткізілмек.