KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
514.94 583.74 6.13

Риддер ЖЭО-да тағы да апат болды

28.02.2023, 14:06 577 Ләззат Қанатқызы

Риддер қаласындағы жылу электр орталығында бүгін тағы апат болды.

№1 және №2 қазандық сағат сағат 3.45 шамасында апатты жағдайға өшірілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазір №2 қазандықда жөндеу жұмыстары аяқталып, ол іске қосылды.

- №1 және №2 қазандық апаттық жағдайда өшірілгенде №3 және №4 қазандықтар жұмыс істеп тұрды. Қазіргі уақытта №2 қазандық іске қосылған, ал №1 қазандық та қалыпқа келтіріліп, қосылуға дайындалып жатыр, - дейді Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының аяғында жылу электр орталығының иесі ауысқанын хабарлаған болатынбыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу