KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
507.05 594.82 6.51

ШҚО-ның екі қаласында зияткерлік бейнекамералар іске қосылады

Фото: шартты сурет

28.04.2023, 22:36 500

Алтай мен Риддер қалаларында зияткерлік бейнекамералар орнатуды іске асыру рәсімі басталды.

Риддер қаласында зияткерлік камералар 7 қиылыста, 17 желілік учаскеде және 249 қоғамдық қауіпсіздік бейнекамерасында орнатылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Алтай қаласында аппараттық-бағдарламалық кешендер 3 қиылысты, 17 желілік учаскені және 154 қоғамдық қауіпсіздік бейнекамерасын қамтиды. Осының бәрі – аталған қалалардағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан қадамдар, – деді өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО жолаушы көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу