ШҚО: Прокуратура қызметкерлері үшін мерекелік шара ұйымдастырылды
Ашық дереккөздерден алынған сурет
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында облыстық прокуратура органдарының қызметкерлері мен олардың отбасылары үшін Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы және «Ертіс концерті» шығармашылық ұжымдарының қатысуымен этнографиялық саябақта мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Саябақтың аумағында 13 ұлттың үйлері орналасқан этникалық ауыл ішінде экскурсия ұйымдастырылып, қонақтардың назарына Шығыс Қазақстан аумағында тұратын халықтардың салт-дәстүрлері ұсынылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ұжымды мерекемен құттықтай отырып, облыс прокуратурасының басшылығы қазақстандық патриотизмнің, елге деген адалдықтың және халық бірлігінің символы болып табылатын бұл мерекенің ерекше маңыздылығын атап өтті.