KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 1 м/с, В
477.13 525.85 5.24

Ұлттық Ұлан ұлықтады

9.05.2023, 11:09 280

Ұлы Отан соғысы ардагері Анастасия Светочёва 101 жаста 78-ші Жеңіс күнін қарсы алды.

Жеңіс күнімен қатар тойлайтын ардагерді 3477 әскери бөлімінің командирі және 5518 әскери бөлімнің сарбаздары мен оркестрі, сонымен қатар «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының оқушылары арнайы құттықтады. 

Ғасыр жасаған ардагердің ауласында соғыс жылдарындағы әндер шырқалып, Жеңіс күні еске алынды.

– Сол кездегі әндер ешқашан өзгермейді. Біз «Катюша», «Үш танкист» әндерін шырқайтынбыз. Бәрі есімде. Ең бастысы, аспанымыз ашық болып, бейбітшілік үстем болсын. Ал жастарға денсаулық, бақыт тілеймін! – дейді ардагер кейуана.

«Отан соғысы» орденінің бірінші дәрежелі кавалері Анастасия Светочева соғыста әскери байланысшы болған. 101 жасқа толса да, әлі тың. Соғыстағы жерлестерінің ерлігі мен бейбіт өмірдегі тірлігін естен шығармаған. Тіпті алғашқы әскери билетін көзінің қарашығындай сақтап жүр. Соғыс жылдарындағы негізгі ұрыстар әлі де есінде.

– Ардагерлеріміздің арқасында аспанымыз ашық, күніміз бейбіт. Олардың ерлігі – біз үшін үлгі, өмірлері – өнеге, – дейді 3477 әскери бөлімінің офицері, капитан Дархан Мұхтариев. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив