KZ
Өскемен
-17°
плотный туман жел 1 м/с, В
523.86 544.34 5.11

«7-20-25» бағдарламасының бюджеті өзгеріссіз қалады

Шартты сурет

12.05.2023, 16:13 463 Ләззат Қанатқызы

«7-20-25» бағдарламасының лимиті алынбайды. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

Аталмыш бағдарлама арқылы 2023 жылға қарай жалпы сомасы 873,6 млрд теңгеге 65 554 отбасы несие алған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасын 2018 жылы бюджеті 1 трлн теңге деңгейінде іске қосқан болатын.

– Даму қарқынын ескере отырып «7-20-25» бағдарламасы 2023 жылы аяқталуы керек еді. Алайда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2022 жылғы 19 желтоқсандағы Ұлттық банк басқармасының шешімімен бағдарламаны іске асыру мерзімі 2029 жылға дейін ұзартылды. Бұл ретте, 2023 жылдан бастап бағдарламаны қаржыландыру тәртібі өзгертілді. 1 трлн теңге сомасында жалпы бюджеттің орнына жылына 100 млрд теңгеден аспайтын бюджет белгіленеді, – деді Роман Скляр.

Сондай-ақ ол бағдарлама лимитін енгізу туралы шешім инфляция мен тұрғын үй құнының ықтимал өсуін шектеу, бағдарламаға қызмет көрсетуге байланысты Ұлттық банктің шығындарын қысқарту үшін қабылданғанын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу