KZ
Өскемен
-29°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
518.39 603.09 6.68

«7-20-25» бағдарламасы 2023 жылы жалғаса ма?

29.11.2022, 17:03 5 510 Оразай Жеңісұлы

Вице-министр екінші деңгейлі банктер беретін ипотеканы субисдиялау бағдарламасы туралы да айтты.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев тілшілердің "7-20-25" бағдарламасы туралы сауалға жауап берді. 

7-20-25 бағдарламасы жабылмайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аталған бағдарламаны жалғастыру жөнінде нұсқау бар, – деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін бағдарлама қаражат толықтай игерілуіне байланысты 2022 жылдың соңына дейін ғана қолжетімді болатыны туралы ақпарат шыққан. Себебі бағдарламаны іске асыруға 1 трлн теңге қаражат бөлінген еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу