Болашақ аналарға арналған мектеп ашылды – ШҚО
Шығыс Қазақстан облыстық ана мен бала орталығында «Болашақ аналар мектебі» базасы іске қосылды.
Аталмыш жоба аясында ақ халаттылар ана атануға дайындалып жүрген тұрғындарға көмек көрсетеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ағымдағы жылдың басынан бері өңірде 250-ден астам жүкті әйел аталмыш курстан өткен. Ал, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, курстан өткен әйелдердің 65 пайызынан астамында жүктілік процесі жеңіл өткен.
Облыстағы әрбір жүкті әйел жергілікті емханасынан жолдама алып, «Болашақ аналар мектебіне» тегін қатыса алады.
Айта кету керек, болашақта аталмыш жоба облыстың қалалары мен ауылды жерлердегі 25 медициналық ұйымда іске қосылуы мүмкін.