21-ші ауданда "жарылыс" болады – Өскемен

сурет ашық дереккөзден алынды
Облыс орталығының 21-ші шағын ауданында жарылыс жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Жауапты компания – «KazExpoService» ЖШС жарылыс жұмыстарын 24 мамырда сағат 10.00-18.00 аралығында жүргізеді.
«Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы және шағын ауданның бас жоспары» нысанында жылумен жабдықтау, су құбыры және кәріз желілерін тарту үшін жарылыс жұмыстары жүргізіледі. Қандай да бір қолайсыздық келтірсек, кешірім өтінеміз. Сондай-ақ тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз, деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз