Алтайда "жарылыс" болады

«Казцинк» ЖШС ертең сағат 13.00-14.00 аралығында «Алтай» тау-кен байыту фабрикасында жарылыс жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жеңіл фракция үйіндісі объектісіндегі жарылыс жұмыстарына «KazExpoService» ЖШС компаниясы жауапты.
«Қандай да бір қолайсыздық келтірсек, кешірім өтінеміз. Сондай-ақ тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз», деді «Kaz Explo Service» ЖШС.