Шығыста 40 градусқа дейін ыстық болады

Фото: egemen.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 3-5 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Антициклонның жотасы Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын айқындайды.
Циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен тек батыс аймақтарда және еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Республиканың оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді.
Күндізгі уақытта солтүстік-батыс, солтүстікте +36+41°С дейін, шығыста +33+39°С дейін, орталықта +33+41°С дейін, оңтүстікте +37+44°С дейін, оңтүстік-шығыста +30+39°С дейін қатты ыстық сақталады.