KZ
Өскемен
-22°
плотный туман Штиль
499.22 519.14 5.64

Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болады

Фото: islamdag.ru

31.05.2023, 20:02 332 Мадина Амангелдіқызы

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады.

1-3 маусым аралығында республиканың кейбір өңірлерінде аптап ыстық болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Метеорологтардың мәліметтеріне сүйенсек, еліміздің барлық өңірлеріне жаз күнтізбеге сай келеді.

Жаздың алғашқы күндерінде республиканың басым бөлігінде ауа райы жылы болады. Тек батыс аймақтарда және елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда найзағай болып, өткінші жаңбыр жауады.

"Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, күндізгі уақытта елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы +36-41 градусқа, шығыста +28-33 градусқа дейін, орталықта +30-39 градусқа дейін, оңтүстікте +37-43 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +30-37 градусқа дейін көтеріледі", делінген Қазгидрометтің хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу