ШҚО-да бір адам суға батып кетті

Фото: azh.kz
Шығыс Қазақстан облысында бір адам суға батып кетті.
Қайғылы оқиға Алтай ауданындағы Прибрежный кентінде болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушылары 4 маусым күні кешке 1975 жылы туған азаматтың денесін бұғаздан алып шықты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бір күн бұрын екі ер адам техникалық бұғаздың жағасында ішімдік ішкен, деп мәлімдеді ТЖ қызметінің өкілдері.
Құтқарушыларға куәгерлер хабарласып, тұрғынның суға батқан жерін көрсеткен.
Оқи отырыңыз