KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Жыл басынан бері 45 адам суға батып көз жұмды

Фото: news.myseldon.com

6.06.2023, 11:10 228 Оразай Жеңісұлы

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысында суға батқандар жайлы соңғы мәліметтерді айтты.

Өткен жылы суға батқандар саны 43%-ға азайған. Дегенмен соңғы 3 жылда 1 мыңнан астам адам суға батып қаза болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жыл басынан бері суға батып бара жатқан 69 адам құтқарылды. Бірақ тағы қырық бес адамның ажалы судан келді. Оның ішінде кәмелетке толмаған 14 бала бар.

Министрдің айтуынша, қайғылы оқиғалардың негізгі себебі – жабдықталмаған жерде шомылу. Сонымен қатар ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы, мас күйде суға түсуі де оқыс жағдайға әкеп соғады.

«Әлихан Асханұлы, биыл наурыз айында суға шомылу маусымында алдын алу жұмысын уақтылы ұйымдастыру үшін министрлік барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктердің нақты міндеттерін көздейтін «Шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» бұйрықты бекітті. Сонымен қатар сәуір айында орталық және жергілікті атқарушы органдарды биылғы суға шомылу маусымына дайындық туралы» күн тәртібімен ведомствоаралық комиссия отырысы өткізілді», – деді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив