KZ
Өскемен
+9°
небольшой проливной дождь жел 6 м/с, З
441.66 475.14 4.86

Тұрғындар тыйым салынған жерлерде шомылуды тоқтатпай отыр

12.07.2022, 11:08 540

Жаз басталғалы ШҚО-да өзен-көл жағалап, суға түсуге асыққандардың саны көбейді. Дегенмен қай­ғылы жағдайлар да жиі­леді. Шомылу маусымы ашыл­ғалы бері аймақта 15 адам суға кеткен, оның 2-уі – бала.
Жаз басталғалы ШҚО ТЖД мамандары су айдындарында 2667 рейд және патрульдеу жүргізді, нұсқамалар ұйымдастырды және демалушыларға жадынамалар мен ұсынымдар таратты. Жергілікті атқарушы органдармен қауіпті учаскелерді көрсете отырып, 314 тыйым салу белгісін орнатты. Алайда, азаматтардың суға кетіп, қаза болу жағдайлары азаймай тұр. Көбінесе адамдардың немқұрайлы қарауынан және ескертулерді елемеуінен болып жатыр. 

- Құтқарушылар, полицейлер мен демалушылар төтенше жағдайға тап болған 11 азаматқа дер кезінде көмекке келді. "Біздің ұсыныстарымыз бен тыйым салу белгілеріне қарамастан, азаматтар жүз пайыз қауіп бар жерде жүзуді жөн көреді. Бұл күшті ағын, сүңгуірлермен су түбі тексерілмеген жерлер, жақын жерде құтқарушылардың болмауы",- деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов. 

Сондай-ақ, полиция мамандарының қатысуымен жыл басынан бері 440 – бап "алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бойынша - 479 азамат және 364 – бап  "Қоғамдық суды пайдалану ережелерін бұзу" бойынша-205 демалушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

- Бірақ тәуекел етіп, суда жүзіп жүргендер тоқтамайды және қауіпсіздік шараларын бұза отырып жүзуді жалғастырады. Қаза тапқандардың статистикасы өсуде.  ШҚО ТЖД құтқарушылары азаматтарды қырағылық танытуға және демалу үшін тек шомылуға рұқсат етілген орынды таңдауға шақырады, - делінген департамент таратқан ақпаратта.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив