Семейде 13 жастағы жеткіншек пышақ жарақатынан қаза тапты
Сурет :instagram.com/abai_department_police
Абай облысында 13 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Полицияның деректеріне сүйенсек, 6 маусымда су қоймасының маңында жасөспірімдер жанжалдасқан. Төбелес кезінде 13 жастағы бала жарақат алып, облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген.
"Балалар арасындағы жанжал төбелеске ұласқан. Төбелескендер анықталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша соталды тергеу басталды", деп жазылған хабарламада.
Тергеу жұмыстарының нәтижесі бойынша заңды процестік шешім қабылданады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеп-тексерудің деректері жарияланбайды.