KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Өрт маңындағы ауылдарға Ұлттық ұлан сарбаздары жіберілді

Фото: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

13.06.2023, 10:47 222 Ләззат Қанатқызы

Абай облысында алапат өрт салдарынан эвакуацияланған ауылдарға Ұлттық ұлан сарбаздары жіберілді.

Бүгін  ҚР ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұлан Бас қолбасшысымен келісіле отырып, ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының шешімімен эвакуацияланған Половинка, Қаштақ, Талица және Тепкаши ауылдарына Семейдегі 5511 әскери бөлімінің 100-ге жуық Ұлттық ұлан сарбаздары  мен 8 техника  жұмылдырылды, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

  "Әскерилер ауылдарда мородерлікке жол бермеу үшін қоғамдық тәртіпті күзетіп, ауылда қалған кей тұрғындарды эвакуациялауға және зардап шеккендерге көмек көрсететін болады. Аталған орындарда жауынгерлік қызмет Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Рүстем Ақбалинның жеке қадағалауымен ұйымдастырылған", дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Абай облысындағы орманның ауқымды жерін жалмаған өрт әлі толық сөндірілмей, маңайда  орналасқан ауылдарға қауіп төндіруде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу