KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Өртте қаза болғандардың отбасына 7 млн теңгеден беріледі

Фото: primeminister.kz

13.06.2023, 09:21 294 Ләззат Қанатқызы

12 маусым күні Премьер-Министр Әлихан Смайылов Абай облысындағы ірі өртті жою және зардап шеккен отбасыларға қажетті қолдау шараларын көрсету мәселелері жөнінде жедел кеңес өткізді.

Кеңес төтенше жағдай кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар кеңес барысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қазіргі ахуал және қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Премьер-Министр төтенше жағдай себептерін анықтау және салдарын жою үшін арнайы Үкіметтік комиссия құрылғанын, оның құрамына салалық министрліктер мен құқық қорғау органдарының өкілдері кіргенін атап өтті.

Сондай-ақ 10 күн ішінде оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тиісті қорытынды жасауды тапсырды.

Оған қоса Мемлекет басшысының Абай облысындағы жедел штаб отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін қаза тапқандардың отбасыларына «Қазақстан халқына» қорынан 7 млн теңгеден, сондай-ақ кәмелетке толмаған әр балаға 2 миллион теңгеден төленетін болады. Бұдан бөлек, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету мақсатында арнайы қор құрылды.

Сонымен қатар 40-тан астам қазақстандық ЖОО өрттен зардап шеккен отбасылардың студенттеріне гранттар мен жатақханадан орын беруге дайын. Ал ақылы негізде оқитын студенттер мен магистранттарды грантқа ауыстыру көзделген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу