ШҚО-дағы зауыт өрттен көз жұмғандардың отбасыларына көмектеседі
Фото: kt.kz
«Казцинк» ЖШС Абай облысында алапат өрттен көз жұмғандардың отбасына бір млн теңгеден аударады.
Бұған дейін Абай облысында өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына университеттен 10 грант бөлініп, гуманитарлық көмек жіберілгені белгілі болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Шығыс Қазақстаннан бөлініп шыққанға дейін Абай облысының кеншілері мен металлургтері бізбен бірлесе жұмыс істеп, түрлі жобаларды жүзеге асырдық. Сондықтан алапат өрттің зардаптарын жоюға қол ұшын созу - компаниямыз үшін өте маңызды міндет деп білеміз. Қызметтік борышын өтеуде нағыз ерлік көрсетіп қаза болған орман шаруашылығының қызметкерлерін бүкіл ел аза тұтуда. Біз олардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсеткіміз келеді. Сол үшін осындай шешімге келдік. Марқұмдардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз, - дейді бас директор Александр Хмелев.
Оқи отырыңыз