KZ
Өскемен
-18°
туман жел 1 м/с, С
499.11 521.12 5.58

Өскеменде бос жұмыс орындары ұсынылған жәрмеңке өтті

16.06.2023, 14:32 267 Оразай Жеңісұлы

Өскемендегі «Император» сауда орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге жеті мекеме қатысты. 

Айталық, «Магнум» ЖШС, «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС, «Иртышцветметремонт» ЖШС, «Өскемен қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Отбасы банк» АҚ, «Өскемен ЖЭО» ЖШС және «Успех» ЖК.

 

Жәрмеңкеде бос жұмыс орындары ұсынылып қана қоймай, сонымен қатар мамандар жұмысқа орналасу және мемлекеттік қолдау шараларына қатысу бағытында да көптеген кеңестер алды. Қажетті жұмыс орындарын таңдау, жастар тәжірибесінен өту, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға қатысу, өз кәсібін ашуда мемлекет тарапынан берілетін несие бойынша, аз қамтылған отбасына берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы да консультация өткізілді.

– Бүгінгі жәрмеңке жұмыс беруші мекемелерге де, жұмыс іздеушілерге де көмек беру мақсатында өткізіліп отыр. Оны қос тараптың ашық диалог алаңы деуге де болады. Сондықтан іс-шараның берері мол, – дейді іс-шараны ұйымдастырған AMANAT партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты ШҚОФ төрағасы Қорлан Туғамбаева.

 

Бос жұмыс орындары ұсынылатын жәрмеңке өңіріміздегі қалалар мен аудандарда апта сайын өткізілетінін айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу