Өскеменде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтіп жатыр
Өскеменде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жәрмеңке Қазақстан көшесі, 55 мекен жайында өтіп жатыр. Бұл – шаһардағы С.Аманжолов университетінің әкімшілік ғимараты. Жұмыс іздеген мамандар білім ордасына сағат 10-нан бастап ағылып келіп жатыр.
Қалалық жұмыспен қамту орталығының мәлімдеуінше, жәрмеңкеге 20-дан астам кәсіпорын атсалысуда. Сондай-ақ жұмыс іздеушілерге бағыт-бағдар сілтейтін кеңесші мамандар да жұмыс істеп отыр.
Жәрмеңке күні бойына жалғасады.
Оқи отырыңыз