KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, З
479.23 534.96 5.16

ЖЭО-ларды жөндеуге 7-8 трлн теңге керек – Мәжіліс депутаты

Фото: azattyq.org

29.06.2023, 16:48 192 Ләззат Қанатқызы

Қазіргі күні елімізде 14 мың шақырым жылу желісі бар. Оның 2 мың шақырымы – жекеменшікте.

Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов Amanat партиясынан сайланған мәслихат депутаттарының республикалық форумының кулуарында жылу инфрақұрылымын ретке келтіру үшін 400 млрд теңге емес, 7-8 трлн теңге керек екенін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

– Жылу желілерінің жекеменшікке қарауы – үлкен проблема. Жекеменшіктегі 2 мың шақырым желінің 77 пайызы тозығы жеткен. Жекеменшік пен коммуналдық меншіктегілерді қосқанда бұл көрсеткіш 54 пайыз болып отыр, – деді ол.

Депутат тиісті комитетті өзі басқарған кезде бұл салаға бюджетттен қанша қаражат жұмсалғанын айтты.

– Кезінде Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетін алты жыл басқарғанымды білесіздер. Жүздеген миллиард теңге жібердік. 4-5 жылдың ішінде 300 млрд теңгедей қаржы жібердік-ау деймін. Ол ақшаға тозығы жеткен жердің бәрін жамағанбыз. Ал жекеменшікте қалған жылу электр орталықтарының бәрі проблемалық нысанға айналған. Мысалы, 37 ЖЭО болса, соның 30-ын қайтадан салу керек. Қолданысқа берілгеніне 50-60 жыл болған. Оның бәрін Үкімет кешенді жоспар құрып шешпесе, шешілмейді, – дейді Мархабат Жайымбетов.

Сондай-ақ ол Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жылу жүйесін реттеу туралы ұстанымына пікір білдірді.

– Ондай кешенді жоспарды іске асыру үшін үлкен қаржы керек. Ондай қаржыны қайдан аламыз? Тариф, халықаралық қаржы ұйымдары, бюджет көзі бар. Тарифті көтерем деген сөз – халықтың қалтасына түсу. Оны 10-15 пайыз ғана көтеруге болады. 400 млрд теңге табамыз деп отыр Үкімет. Ол қазіргі ЖЭО-лардың бірқалыпты жұмыс істеп тұруына ғана жетеді. Халықаралық қаржы ұйымдарынан несие тарту – қымбат. 30 пайыздық несиені ешқандай бизнес алмайды. Сонда бюджеттен қаржыландыру көзі ғана қалады. Біздің есебіміз бойынша, жылу электр орталықтарын, желілерді жөндеу үшін ғана 7-8 трлн теңге керек. Бұл – үлкен мәселе. Сондықтан біз қайта-қайта күмәнмен қарап отырмыз, – деді Мәжіліс депутаты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив