KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

1 шілдеден бастап коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгертіледі

Фото: www.bugin.kz

29.06.2023, 17:25 181 Ләззат Қанатқызы

1 шілдеден бастап барлық өңірде коммуналдық қызметтердің тарифтері кезең-кезеңімен өзгертіледі.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Amanat атынан сайланған мәслихат депутаттарының республикалық форумында осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

– Инженерлік-коммуналдық желілерді жаңарту және апатты жағдайлардың санын азайту үшін «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Жыл соңына дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына 234 млрд теңге инвестиция тарту жоспарда. Бұл қаражат 12,7 мың жабдықты және 5 800 км инфрақұрылым желілерін жөндеуге бағытталады. Осы саладағы жұмысшылардың жалақысы 50-ден 100%-ке дейін өсіріледі. 1 шілдеден бастап барлық өңірде коммуналдық қызметтердің тарифтері кезең-кезеңімен өзгертіледі, – деді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайыловтың сөзінше, алдағы 7 жылда коммуналдық-инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға 3 трлн тенгеден астам инвестиция салынады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу