ШҚО-да шомылуға рұқсат етілген 22 учаске белгіленді
Фото: egemen.kz
ШҚО әкімдігінің қаулысымен шомылуға рұқсат етілген 22 учаске анықталды. Атап айтқанда, Ұлан ауданында – 1, Өскемен қаласындағы коммуналдық жағажайлар - 2, Алтай ауданында – 2 және Риддер қаласында 1 учаске жұмыс істейді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Орынбеков айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыстық мәслихат сессиясының шешімімен шомылуға тыйым салынған 74 орын және шағын көлемді кемелерде жүзуге тыйым салынған 29 орын анықталды. Бүгінгі таңда осы учаскелерде 201 тыйым салу және ескерту белгісі, сондай-ақ 12 баннер орнатылған.
Жыл басынан бері жалпы су пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша 9 жеке тұлғаға ескерту жасалған. Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 2 лауазымды және 4 жеке тұлға жауапқа тартылып, алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша 24 адам, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша кемелерді пайдалану ережесі, оның ішінде шағын көлемді 5 жеке тұлға ҚР ӘҚБтК 582-бабы бойынша жауапқа тартылды.