KZ
Өскемен
+19°
дождь жел 2 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады

Фото: hdpic.club

5.07.2023, 17:56 268 Оразай Жеңісұлы

"Қазавтожол" жүргізушілерге мерекелік демалыс күндері қарсаңында тасжолдардағы көлік ағыны айтарлықтай артатыны туралы ескерту мен ұсыныстар жариялады.

Мереке күндері жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейтіні хабарланды. Көлік қозғалысының көп болуына байланысты республикалық маңызы бар жолдарды пайдаланушыларға жолға шығар алдында көліктің жағдайын тексеріп, жол ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмау ұсынылған.

"Демалыс және мереке күндері бүкіл республикалық жол желісінде, оның ішінде ақылы жолдарда көлік қозғалысы айтарлықтай артады. 5 шілденің кешінен бастап көлік қозғалысы учаскеге байланысты 30-40 пайызға артады деп күтіліп отыр", - деді жол қызметкерлері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив