Қазақстан көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылады
![](/kz/uploads/posts/iblock/571/571dbc2c9d43067a23255c5449eab913.jpeg)
Бүгіннен бастап облыс орталығындағы Қазақстан көшесінде көлік қозғалысы тоқтайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- 26-29 тамыз аралығында Қазақстан көшесі жабылады (Қабанбай батыр көшесінен Мызы көшесіне дейінгі учаске). Қозғалыс шектеуі жұмыс күндері 19:00-ден 7:00-ге дейін және демалыс күндері 16:00-ден 8:00-ге дейін болады, - деді "Өскемен Көлік Компаниясы" ЖШС.
Айта кету керек, көлік қозғалысының жабылуы аталмыш көшеде трамвай жолдары жөнделіп жатқанына байланысты.
Оқи отырыңыз