Жас отбасыларға ипотека: 6 пайызбен қалай үй алуға болады?
Фото: el.kz
Отбасы банкі Instagram парақшасында "Жас отбасы" тұрғын үй бағдарламасының шарттарын түсіндірді.
Оған неке қиғанына әлі 5 жыл болмаған жас отбасылар қатыса алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жылдық 6 пайыздық мөлшерлемемен ипотека рәсімдеу үшін төмендегі шарттарды орындау керек:
Отбасы банкінде депозит ашып, бір жылда алатын пәтер құнының 50 пайызы көлемінде қаржы жинау;
Осы уақыт аралығында бағалау көрсеткішін 5-ке жеткізу.
Ипотека рәсімдегеннен кейін екі жыл өткенде пайыздық мөлшерлеме 5 пайызға дейін төмендейді.
"Жас отбасы" бағдарламасының бір ерекшелігі – ерлі-зайыптылардың жасы мен отбасындағы бала саны маңызды емес. Сондай-ақ пәтерді жаңа үйден де, қолданыстағы үйден де таңдай алады. Оған қоса, жер сатып алуға не үй салуға несие рәсімдей алады.
Ипотека 6 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге беріледі.