KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

«Бақытты отбасы» бағдарламасының шарты қандай?

26.11.2019, 05:17 189

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Шығыс Қазақстан облыстық филиалының бізге берген ақпаратына сүйенсек, «Бақытты отбасы» бағдарламасының шарты бойынша, бір адамға шаққандағы табысы 42 500 теңгеден аспайтын отбасылар қатыса алады.

Мәселен, егер отбасы алты адамнан тұрса, онда оның жалпы табысы 255 мың теңгеден аспауы керек. Сондай-ақ олардың ешқайсысының атында үй болмауы тиіс. Банк өтінімді мақұлдағаннан кейін баспана таңдауға үш ай уақыт береді. Пәтерді жаңасын да немесе қазіргі нарықтағы тұрғын үйлерден де алуға болады.

- «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша баспананы тек қаладан емес, аудандағы жер үйлерді де сатып алуға болады. Қазіргі күні банкке облыс тұрғындарынан 157 өтініш келіп түсті. Оның жалпы соммасы 1 млрд. 363 млн. теңгені құрайды. Өтініштердің 97-сі қанағаттандырылып, 836 миллион теңгенің несиесі берілді. Тағы 59 өтініш қарастырылуда,-дейді банктің қоғаммен байланыс менеджері Дәулет Болатбаев.

Жаңа үйге көшіп келгенге алдымен балалар мәз. Кең пәтерде асыр салып ойнап жүр. Дархан мен Ақмарал Мәлібаевтардың отбасы бұған дейін үш баласымен саяжайда тұрып келген еді. «Бақытты отбасы» бағдарламасының іске қосылғанынан хабардар болысымен олар бірден тиісті орындарға құжаттарын тапсырған. Көп ұзамай жанұядағы үш баланың екеуі тыныс жолдары ауруымен ауыратындықтан мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы ретінде баспана алу мүмкіндігіне ие болды.

- Үйдің бағасы 10 миллионнан аспауы керек деді. Он пайыздық алғашқы жарнасын өзіміз салдық, ата-анамыз көмектесті. Пәтерді жаңа үйден алмаймыз деп шештік. Сол сомаға қаланың ортасынан үш бөлмелі пәтер тауып, бір жарым миллионын есепшотқа салдық. Несиенің шарттары өте тиімді болды. Екі пайызбен ғана берілді. Мұндай бұрын болмаған шығар. 19 жылға алып жатырмыз. 8 жылда 80 мың теңгеден төлейміз. Қалған 11 жылда 56 жарым мың теңгеден төлейміз,-дейді Ақмарал.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында елімізде Елбасының тапсырмасымен көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылған болатын. Әлеуметтік ипотека шарты бойынша, несие жылына екі пайыздық мөлшерлемемен 19 жылға беріледі. Алғашқы жарна көлемі 10 пайыз екендігін жазған болатынбыз. Сондай-ақ бұл ипотека халықтың үш санатына ғана берілетіндігін де естеріңізге сала кетейік. Оған – көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баласы барлар мен жалғыз басты аналар, әкелер кіреді. Жалғызбасты жандарға қойылатын бір талап – ажырасу мерзімі үш жылдан кем болмауы керек.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив