ҰБТ-да 2868 түлек 120-дан жоғары балл жинады
Фото: bilim-all.kz
Ағымдағы жылы ҰБТ тапсыруға 166 мың талапкер 305 мың өтініш білдірген.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
- 5 шілдеде негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. Жалпы, ҰБТ электронды форматта, 43 тестілеу орталығында «1 компьютер-2камера-1 тестіленуші» қағидаты бойыша өткізілген болатын. Осыған дейін айтқанымыздай, ҰБТ-дағы маңызды артықшылықтардың бірі – әр бала екі мүмкіндігін қолданып, ең жақсы нәтижесін грант конкурсына жолдай алады, - дейді вице-министр.
Оның айтуынша 162 мың түлек ҰБТ-ның екі мүмкіндігін қоса есептегенде 291 мың рет тест тапсырған.
- Тестілеу қорытындысы бойынша 135 мыңға жуық талапкер шекті балл жинады. Бұл қатысушылардың жалпы санының шамамен 83 пайызына тең. Былтырғымен салыстырғанда бұл бірнеше есе жоғары. Былтыр 37 пайыз ғана болған. ҰБТ-ның орташа балы өткен жылмен салыстырғанда 7 балға өсті. Биыл орташа балл 73 болды. 5 адам ең жоғары көрсеткіш алды – 137 балл 120 балдан жоғары алған балалардың саны – 2868, - деді Қуаныш Ерғалиев.
Оқи отырыңыз