KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
440.92 475.36 4.82

700-ден астам талапкер ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды

10.07.2023, 17:00 412 Ләззат Қанатқызы

Биыл 135 мыңға жуық талапкер шекті балл жинаса, 700-ден астам талапкер ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылған.

Бұл туралы ҚР Жоғары білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қабылданған шаралардың арқасында 2023 жылы бірде-бір тұлға басқа адам атынан кіру оқиғасы тіркелмеген. 2021 жылы мұндай 18 жағдай, 2022 жылы бір жағдай анықталған.

– ҰБТ өткізу кезеңінде 402 адам смартфондарды, басқа да тыйым салынған заттарды алып келу әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін 312 талапкер аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері де жойылды, – деді Ұлттық тестілеу орталығының басшысы.

Барлық видео 2023 жылдың 31 қазанына дейін талданады. Талдау нәтижесінде тыйым салынған заттарды пайдалану анықталса, білім беру грантын тағайындау туралы шешімнің күші жойылғанға дейін тест нәтижелері жойылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив