KZ
Өскемен
+21°
небольшой дождь жел 2 м/с, Ю
443.72 482.28 4.9

Теңіз толқындарынан энергия жинайтын жаңа құрылғы жасалды

11.07.2023, 20:30 134 Оразай Жеңісұлы

Австралиялық ғалымдар электр энергиясының жаңа көзін ашты. Uniwave 200 жобасының арқасында электр қуатының тапшылығы азаяды деп күтілуде.

Wave Swel Energy компаниясының инженерлері теңіз толқындарынан энергия жинайтын жаңа құрылғы жасады. Ол су бетіне жағажайдағы құтқару бекеті ретінде салынады. Соның арқасында бірден екі қызмет атқаруға қауқарлы. Бір жағынан, жағажайдағы демалушылардың қауіпсіздігі мен тазалықты қадағаласа, екінші жағынан, экологиялық таза энергияны жинайды. Оның жұмыс істеу құрылымы өте қарапайым. Оған соғылған толқындар арнайы жасалған қуыс арқылы ішке енгенде қуыстағы ауаны ығыстырады. Ал ауа Uniwave 200-дің жоғары жағында орналасқан турбина арқылы көтерілгенде оның қалақшалары айналысқа түсіп, жасыл энергия өндіруге кіріседі.

Wave Swel Energy-дің басты ерекшелігі – бір жақты генерация. Толқыннан ток көзін өндіру технологиясы осыған дейін де қолданылған. Алайда оларда пышақтардың қадамын реттеу және ауа ағынын қайта бағыттау қажет болатын күрделі екі бағытты турбиналар қолданылған. Соның салдарынан тиімділігі төмендеп, сұранысты қамтамасыз етуге қауқарсыз болған. Қолданысқа жаңадан енген UniWave 200 типті турбиналар қарапайым және арзан, ал олардың су бетінде орналасуы ұзақ қызмет етуіне кепілдік береді.

Wave Swel Energy компаниясының бас директоры Пол Глисон бір жылдық жұмыс барысында UniWave 200 жүйесі 50% тиімділік пен 80% қолжетімділікті көрсеткенін мәлімдеген. Мичиган университетінің тұрақты жүйелер орталығының мәліметі бойынша, жел турбиналары әдетте шамамен 50% тиімділікпен жұмыс істейді, ал күн панельдері 15-20% жұмыс істейді. Қолжетімділікке келетін болсақ, жел турбиналары үшін бұл көрсеткіш 95-97%, ал күн панельдері үшін 92-96% құрайды. Қолданысқа енді ғана енген UniWave 200 жүйесі үшін аталмыш көрсеткіш өте жоғары. Сондықтан болашақта аталмыш технология электр энергиясының негізгі көздерінің біріне айналады деп күтілуде. Компанияның пайымдауынша, мұндай құрылғы сумен шектесетін елдер үшін таптырмас қуат көзі болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив