KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да 84 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Фото: 6sotok-dom.com

17.07.2023, 15:54 362 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында игерілмей жатқан 84 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұл туралы прокурор Алмат Байшұлақов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі

– Прокуратураның қадағалау актілері негізінде ауданы 21,5 мың гектар, жалпы кадастрлық құны 500 миллион теңгеден асатын 84 игерілмеген жер учаскесі тәркіленді. Биыл құны 600 миллион теңгеге жуықтайтын 65 мың гектар аумақтың игерілмей жатқаны анықталды. Аталған 221 учаске бойынша қадағалау актілері шығарылды, мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар қабылданып жатыр. Жыл басынан бері, яғни ай ішінде ауданы 25 мың гектар болатын 181 жайылымдық жер тәркіленді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады, – деді ведомство басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу