Жайылым мен шабындыққа 4280 гектар жер берілген – Күршім
Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышовтың мәліметінше, 2023 жылдың басынан бері жер қатынастарына қатысты 2 конкурс өткізіліп, жалпы ауданы 19 754,0 гектар жер табысталған. Оның ішінде 1189 гектар егістік, 244 гектар шабындық, 17 217 гектар жайылым – барлығы 39 жер учаскесі тіркелген.
2023 жылдың бірінші тоқсанында ҚР азаматтарына өтеусіз қысқа мерзімді 5 жылға шөп шабу және мал жаю үшін жалпы ауданы 4280 гектар 59 жер учаскесі берілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО жер қатынастары басқармасы бекіткен жоспар бойынша Күршім ауданында жалпы ауданы 20 000 гектар жер учаскесін қайтару бекітілген. Осыған сәйкес, аудандық жер қатынастары бөлімі жалпы ауданы 2 946 гектар жерді Күршім ауданы әкімдігінің қаулысы бойынша бос жер санатына қосқан. Оның ішінде 52 гектар егістік, 183,23 гектар шабындық, 2 674,2 гектар жайылым, 36,57 гектар басқадай жер учаскесі бар.