KZ
Өскемен
+6°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

43 градусқа дейін: ШҚО-да аптап ыстық болады

Фото: the-golden-calf.com

24.07.2023, 09:12 211 Оразай Жеңісұлы

Қазгидромет ел аймақтарында 24 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақаталады, найзағай ойнап, жаңбыр, батыста қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде, шығысында және орталығында көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі байқалады, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Қарағанды, Жетісу, Абай облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-43°С қатты ыстық болады.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде және орталығында 42 °С өтте қатты ыстық күтіледі.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, Атырау облысының батысында және солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады», - деп жазды синоптиктер.

Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив