KZ
Өскемен
-10°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Бүгін күн райы қандай болады?

Фото: egemen.kz

22.07.2023, 09:30 229

Қазгидромет ел аймақтарында 22 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Болжам бойынша, елдің бірқатар өңірінде 40 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте тұман, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

  "Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Қарағаңды, Абай, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде 35-40°С қатты ыстық болады.

Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қауіпі сақталады", - деп жазды синоптиктер.

Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қостанай, Атырау облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу