KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

Өндірісте 6 айда 69 жұмысшы қаза тапты – министрлік

Фото: inbusiness.kz

25.07.2023, 10:58 179 Оразай Жеңісұлы

Жыл басынан бері өндірісте 640 жұмыскер жазатайым оқиғаға ұшыраған. Соның ішінде 69 адам қаза тапты.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өндірісте жарақат алу 2022 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 4%-ға төмендеген көрінеді.

Республиканың өндірістік аймақтарында жарақат алу көп. Мәселен, Қарағанды облысында 79 адам, Шығыс Қазақстанда 53 адам, Абай облысында 50 адам, Павлодар облысында 46 адам, Қостанай облысында 44 адам, Ақтөбе облысында 40 адам зардап шеккен. Сондай-ақ Алматы қаласында 50 жұмысшы жарақат алған.

Әсіресе тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында жұмысшылар көп зардап шегеді – 21,8 %, екінші кезекте құрылыс саласы – 10,6%.

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері: жұмысшының абайсыздығы (33,3%); өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (27,1%); еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (9,3%); жол қозғалысы ережелерін бұзу (8,4%).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив