KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да төтенше өрт қаупі бар

Фото: forumdaily.com

26.07.2023, 09:13 169 Оразай Жеңісұлы

Қазгидромет күн райына болжам жасады. 26 шілдеде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы тұрақсыз болады. Өңірлердің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Тек оңтүстікте, шығыста және республика орталығында күн жаумайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамандардың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 35-42°С ыстық болады. Дәл осындай аптап ыстық Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жетісу, Абай, Ұлытау, Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау өңірлерінде де болады.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында өте қатты ыстық - 42°С, Түркістан облысының батысында өте қатты ыстық, шөлді аудандарында 45°С, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында 40-42°С сақталады.

«Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, облыстарында, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, орталығында, шығысында, Қызылорданың батысында, оңтүстігінде, Павлодардың оңтүстігінде, Ақтөбенің батысында, солтүстігінде, Атыраудың оңтүстігінде, батысында, Ақмола облыстарында төтенше өрт қаупі бар», - деп жазды синоптиктер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу