2028 жылға қарай елімізде 3 газ өндеу зауыты салынады
Фото: inbusiness.kz
2028 жылға қарай елімізде 3 газ өндеу зауыты салынады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
"Қазіргі уақытта Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өндеу зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Пайдалануға беру мерзімі – 2025 жыл", - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.
Айтуынша, бұған қоса Қашаған кен орнының базасында Қашаған жобасының акционерімен және операторымен (NCOC) қуаты 4 млрд текше метр болатын газ өндеу зауыты құрылысының жобасы жүзеге асырылуда. Зауыт 2028 жылы іске қосылады.
"Мұнан бөлек, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» «PSA» ЖШС өкілетті органымен бірге 2028 жылы қуаты 4 млрд текше метрді құрайтын газ өндеу зауыты бар Газ стратегиясын жүзеге асыру жол картасын әзірледі", – деді Премьер-Министр.