KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Тегін дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі талқыланды – ШҚО

«AMANAT» партиясы ШҚОФ баспасөз қызметі

4.08.2023, 09:39 256 Оразай Жеңісұлы

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері бойынша өңірлік кеңестің отырысы өтті.

Жиында туберкулезге қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар жөнінде айтылды. Оған қоса, облыс бойынша тіркеуде тұрған науқастарды тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Біз мұнда тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді қозғап отырмыз. Сондықтан айтылған ұсыныстар кабинетте қалмайды, бұлардың орындалуын кеңес мүшелері назарда ұстайды, - деді «AMANAT» партиясы ШҚОФ жанындағы білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің төрағасы Зарина Камасова.

Ал әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының басшысы Нұрлан Икрамұлы:

– ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы негізінде науқастарға амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілгені үшін ақы төлеу әрбір науқасқа нақты шығыстар бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген сома шегінде жүзеге асырылады», - деп түсіндірді.

Сонымен қатар кеңес мүшелері 2023 жылдың 1 жартыжылдығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасындағы білім беру мен денсаулық сақтау саласына қатысты тармақтардың орындалуы бойынша басқарма өкілдерінің атқарып жатқан жұмыстарының есебін тыңдады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив