KZ
Өскемен
-3°
небольшая облачность жел 8 м/с, В
522.91 548.85 5.05

30 тамыздан бастап самокатшыларға айыппұл салынады

Фото: uanews.net

7.08.2023, 14:56 221 Оразай Жеңісұлы

Президент 29 маусым күні "Жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды. Заң ресми түрде жарияланды және 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі. Осы заң арқылы "Жол қозғалысы туралы" Заңға түзетулер енгізіліп, көлік құралдарының жаңа түрлерінің: "Электр скутері" мен "Шағын электр көлік құралдарының" мәртебесін анықтады, деп хабарлайды Altaynews.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Шағын электр көлігіне гироскутерлер, сигвейлер, монокөліктер, электр скейтбордтар және басқа түрлері жатады.
Ал электрлік скутер – екі немесе үш дөңгелегі бар, электр қозғалтқышын пайдалану арқылы бір адамның қозғалуына арналған, орындығы жоқ, максималды конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын электрлі көлік құралы.

"Бұл – оларды пайдалану тәртібін заңнамалық тұрғыдан бекітудегі алғашқы қадам. Бұған дейін электр самокаттары мен шағын электр көліктері заң аясынан тыс қалатын. Енді, бірінші кезекте, біз оларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптарды бекіттік. Бұл жолаушыларды тасымалдауға, жаяу жүргінші өткелдерінен өтуге, жарық шағылыстыратын заттарды қолдануға және басқа да жолдағы жеке қауіпсіздік мәселелеріне қатысты", – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Қолданыстағы заңнамада осы заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған. Осылайша, құқық бұзушылықтар анықталса, олар ӘҚБтК 593-бабы (5 АЕК айыппұл) немесе ӘҚБтК 620-бабы (ескерту немесе 3 АЕК айыппұл) бойынша жауапқа тартылады.

"Әкімдіктермен және кикшерингтік компаниялармен бірлесіп, тротуарларда, жолдарда және велосипед жолдарында қозғалыс жылдамдығын бағдарламалық реттеуді енгіземіз. Құқықбұзушылардың жеке басын анықтау және скутермен жасалған қылмыстарды ашу үшін скутерді кім, қашан және қандай маршрут бойынша пайдаланғанын есепке аламыз. Скутерлер тұрағы үшін арнайы орындарды анықтаймыз", – деді спикер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу