KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 1 м/с, З
498.34 519.72 4.85

Электр самокатты қолдануда қандай шектеулер бар?

Фото: Шартты сурет

17.04.2023, 16:46 336

Ішкі істер министрлігі электрлі көлік құралдарын қолданудың ережелері мен талаптарын еске салды. 
Талап бойынша скутердің алдыңғы, бүйір және артқы жағы жарық құрылғысымен жабдықталуы тиіс, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

–    Соңғы жылдары балалар ғана емес, ересектер де белсенді қолданатын түрлі көлік құралдарының саны артты. Ол электр скутерлер, самокат, гироскутерлер және тағы басқа. Олар жол қозғалысының қатысушылары болып саналады. Сондықтан Ішкі істер министрлігі электр скутерлерді қолдану ережесінің барын еске салады. Электр скутер бір адамға арналған көлік құралы, максималды жылдамдығы 25 км/сағ аспайды. Оның алдыңғы, бүйір және артқы жағы жарықпен жабдықталуы тиіс. Жақын маңдағы адамдарды ескертуге мүмкіндік беретін дыбыстық құрылғысы болуы керек, – дейді министрлік өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Ол қозғалыс барысында жолаушы жан-жағына мұқият қарап, ұялы телефон мен басқа гаджеттерді пайбаланбауы керектігін де атап өтті. Сонымен қатар рөльді қос қолдап ұстап, көлік құралын ақырын және ұқыппен тоқтатқан жөн. Электр скутерді жарық жеткіліксіз, тар, қозғалысқа кедергі көп жерлерде пайдаланбау керек. 

–    Көлік көп жүретін және адамдар көп болатын жерлерден аулақ болыңыз. Электр скутерде қозғалу кезінде шлем, сондай-ақ қол, білек, тізе, бас және шынтақты қорғайтын құралдарды пайдаланыңыз. Жүк және жолаушы тасымалдамаңыз. Жол ережелерін сақтай отырып, жүретін аумағыңыз бен қозғалыс жылдамдығын таңдау маңызды. Жаяу жүргінші немесе велосипед мінушіге жақындап қалған кезде ескеру белгісін беріңіз, деді Шұғыла Тұрлыбек.

Электр скутер де тұрақты техникалық қызмет көрсетуді қажет ететінін еске сала кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу