Шығыста күндіз бұршақ жаууы ықтимал
Фото: egemen.kz
«Қазгидромет» РМК тамыздың 4-і күнгі ауа райы болжамын жариялады.
Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күндіз солтүстікте нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Абай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-39°С қатты ыстық, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында 38-41°С қатты ыстық сақталады.
Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында 40-42°С өте қатты ыстық күтіледі.
Ақмола, Атырау облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Павлодар облысының онтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.