ШҚО-да қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау белсенді жүргізілуде

Елімізде қандастарды қабылдау бойынша квота 90%-ға орындалды. ШҚО қоныс аударушылар бойынша жоспардың орындалуы жоғары деңгейдегі облыстар қаратына кіреді.
Бұл туралы еліміздің Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Динара Қожанова биыл облыста қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдау квотасы енгізілгенін айтқан болатын. Биыл өңірде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 239 адам болса, көшіп келушілердікі – 305, жалпы алғанда, 544 адамды құрап отыр. 1 шілдедегі жағдай бойынша, квотаға 300-ге жуық адам енгізілді, оның 79-ы – қандастар.