ШҚО: Қанша қандасқа өңірлік квота беріледі?

Фото: baribar.kz
ШҚО-да қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы енгізілді. Биыл өңірде аталған санаттағы 600-ге жуық адамды қабылдау жоспарланып отыр.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Динара Қожанова мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін қоныс аударушыларға тұрғын үй сатып алу, салу немесе Ұлттық Банк бекіткен бағдарлама бойынша ипотекамен бастапқы жарна мен мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары үшін төлем беріледі.